- Advertisement -

KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 255,38 теңгеге дейін өсті

66

- Advertisement -

photo_2051910 қыркүйек күнгі KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 255,38 теңгеге дейін өсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап.

Айта кетейік, KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 253 теңге болған еді. Күндізгі сессияда тағы 1 теңгеге өсті. Келісімнің жалпы көлемі 15,9 миллион доллар болды. Саудаға валюта нарығының 14 мүшесі қатысты.

Қыркүйектің алғашқы күніндегі таңғы сессияда доллар 238,68 теңгеге тең болды. Ал кешкі сессияда ол шетел валютасы 239-242 теңге аралығындағы дәлізінен асып түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support