Денсаулық

Археологтар Шыңғысханның қабірін табуы мүмкін

Археологтар Шыңғысханның қабірін табуы мүмкін

20150910102138ХХI ғасырда археологтар жаңа технологиялардың көмегімен көптеген тарихи сұрақтарға жауап бере алады. Мұндай пікірді National Geographic жорналына берген сұхбатында белгілі америкалық археолог Фредрик Хиберт айтты, деп жазды ТАСС.

«Оптикалық диапазондағы қашықтықты өлшейтін құрылғы археологтарға ғылымға белгісіз Гондурас және Белиз сынды көне елді мекендерді табуға мүмкіндік береді», - деп санайды ол. Георадарларды қолдану арқылы жерді қазбай-ақ өткен ғасырлардағы ескерткіштерді іздеуге болады.Осы жоба аясында Шыңғысханның қабірі іздестіріліп жатқанын айтты.

«Әзірге оны тапқан жоқпыз. Алайда анағұрлық көп аумақты тексерсек, Шыңғысхан немесе Александр Македонскийдің мазарын табу мүмкіндігі артады»,- деді археолог.

Археологтар Сианьға жақын жерде алғашқы қытай императоры Цинь Шихуандидің (б.з.д. 259 ж. - б.з.д. 210 ж.) моласы қай жерде орналасқанын біледі. Алайда оны бұзып алудан қорқып, қазбай отыр.

Сондай-ақ биыл биік жерден ғана көрінетін Наска шөліндегі алып суреттердің құпиясы ашылады деген болжам бар.