Денсаулық

Ұлыбритания ғалымдары өлімнің иісін анықтады

Ұлыбритания ғалымдары өлімнің иісін анықтады

pogudx3rpt5e5fpse.1a0531c7Ұлыбританияда ғалымдар өлімнен кейінгі адам мәйітінің иісі қандай екенін анықтады. Бұл жаңалықты ғалымдар Брэдфорд қаласындағы Британиялық ғылым фестивалінде жария етті деп жазады TechTimes.

Ғалымдар адам денесі бөлшектене бастағанда жаңа шабылған шөптің иісі мен балғын балықтың иісіне ұқсас иіс шығады деген тұжырымға келген.

Өлімнен кейін денеден бөлшектеніп шығатын затты гексанал деп атайды. Бұл зат жаңа шабылған шөптен де бөлінеді. Сонымен қатар индол және триметиламин атты заттар да денеде ыдырайды. Ол заттар балғын балықтардан табылған.

Бұл тұжырымға ғалымдар бірнеше шошқа мәйіттерін зерттеу арқылы келген. Манандар оны герметикалық кеңістікке салып, тұрақты түрде ондағы ауа үлгілерін алып отырған. Алынған көрсеткіштерді тірі адамның иісімен салыстырған.

Мамандар бұл зерттеу криминалистер мен олардың иттеріне пайдасын тигізеді деген үмітте.