- Advertisement -

Тасбақалардың жүгіру жылдамдығында жаңа әлемдік рекорд орнатылды

116

- Advertisement -

pogudx519plrrooo5.10cce983Ұлыбританияда тұратын Берти әлемдегі ең жылдам жүретін тасбақа болып танылды. Гиннестің рекордтар кітабының ресми сайтында Бертидің бір сағатта бір шақырымға жуық жылдамдықты артқа тастағандығы туралы ақпарат пайда болды.

Бақылау өлшеуінің барысында Берти 19,59 секундта 5,48 метрден өтіп, секундына 0,28 метр жылдамдығын көрсетті. Оның иелері Джанин мен Марко Кальцини Англияның солтүстік шығысындағы Даремде ойын-сауық паркіне ие. Олардың Шелли есімді тағы бір тасбақасы бар, бірақ ол жылдамдыққа жүгіруде осалдық танытады.

Тасбақалардың жүру жылдамдығының бұған дейінгі рекорды 1971 жылы тіркеліп, сағатына 0,45 шақырымды құраған. Оны Ұлыбритания тасбақасы Чарли орнатқан болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support