Жамбылда не жаңалық?

Сарысу

The final spritzer

Сарысу

Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 85 жылдығына арналған «Шәмші әуендері» атты ән байқауы өтті. Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған өнер додасына қатысқан үміткерлер композитордың бір әнін және еркін тақырыпта бір ән орындады. Қазылар алқасы бас жүлдені Тоғызкент ауылының әншісі Дархан Дәуітбековтің қанжығасына байлады. Бірінші, екінші және үшінші жүлделі орындарды Өндіріс, Шығанақ, Жайлаукөл ауылдарының өнерпаздары Фараби Әбухаев, Бекзат Қамысов және Пернебай Әміров иеленді.