- Advertisement -

Шолу мұнарасы биіктеп барады

142

- Advertisement -

Елордалықтар Таразға тартуын сәтті аяқтап келеді

«Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы шолу мұнарасының құрылысына 122 миллион теңге бөлінген. Құрылысқа қажетті қаражатты Астана қаласы бөліп, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына өз үлестерін қосып отыр. Мердігер компания – Тимур Манашев басқаратын «Таразқұрылысдизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

Жұмыс 1 тамызда басталған, қыркүйектің соңында аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда мұнараның биіктігі 24 метрге жетті. Жалпы шолу мұнарасы 36 метр болмақ. Жұмысқа 7 техника жегілген, 35 адам тынымсыз еңбек етуде. Олардың орташа жалақысы 100 мың теңгеден төмен емес.
Жоғары көтеретін арнайы техникамен біз де жиырма төрт метрлік биікке көтерілдік. Жанымызда құрылыс бригадирі Медет Ерназаров бар. Жиырма төрт метрлік биікте бірнеше құрылысшы жұмыс көрігін қыздыруда екен. Солардың іскерлігімен шолу мұнарасы барған сайын биіктеп барады. Мұнара сегіз қабаттан, 21 терезеден тұрады. Жоғары қабаттарға көтерілетін лифт салынады. Құрылысқа Тараздағы «Ғимарат-Тараз» компаниясының өнімдері пайдаланылуда.
– Жұмысқа жігіттер барын салып кірісті. Тарихи тойдың қарсаңында құрылысты дер кезінде аяқтамақшымыз. Материал, жұмысшылар, техника күші де жеткілікті. Жұмысты аяқтауға ешқандай кедергі жоқ, – дейді «Таразқұрылысдизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс бригадирі Медет Ерназаров.

Есет Досалы,
«Ақ жол».

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support