Денсаулық

ШҚО-да ерлі-зайыптылар баласын сатуды сұраған әйелді анасымен бірге азаптап өлтірді

ШҚО-да ерлі-зайыптылар баласын сатуды сұраған әйелді анасымен бірге азаптап өлтірді

pogudx42nrf1p9bd9.363ead1eШҚО-ның Шемонаиха қаласында жантүршігерлік оқиға орын алды. Әйел күйеуімен бірігіп, екі адамды өлтіріп тастады.

Әйелдің үйіне қонаққа барған ерлі-зайыптылар дастархан басында ішімдік ішіп, тойлатуға кіріскен. Әңгіме арасында әйел және оның анасы ерлі-зайыптылардан екі баласының бірін сатуды сұраған.

Бұл ұсынысқа екі баланың анасы ашуланып, пышақ ала жүгірген. Өзінен 11 жасқа үлкен жолдасы әйеліне қосыла кеткен.

Құрбанның анасы мүгедектер арбасына таңылғандықтан еш қарсылық көрсете алмаған. Ерлі-зайыптылар оны шанышқымен сұққылап, азаптап өлітрген.

Кейін құрбандарының қымбат заттарын жымқырып, ізін жасырған қылмыскерлерді полицейлер үш күн ішінде тауып алды. Әйел сотта өзінің ісі үшін еш өкінбейтінін айтқан.

“Сот оларды кінәлі деп тауып, 18 жылға қатаң режидегі колонияда бас бостандығынан айыру шешімін шығарды”, – дейді ШҚО сотының төрешісі Бақытжан Чалабаева.