- Advertisement -

Ақмола облысында 35 жастағы ер кісі 15 жастағы оқушыны алып қашты

78

- Advertisement -

pogudx2v3mlj8hn22.9f355fd135 жастағы Ақмола облысының тұрғыны 15 жастағы оқушыны алып қашты. Алайда оның бұл жоспарына кәмелетке толмаған қыз баланың анасы кедергі келтірген.

Тарасовка аулының тұрғыны оқушы қыздың көңілін аулап, артынша алып қашқан. Үйіне қызды күштеп әкеткен ер кісі оқушының анасына құдаларды жіберген. Алайда қыздың анасы ұсынысты қабылдамай, полицейлерге арыз түсірген.

Полиция қызметкерлері «заңсыз бас бостандығынан айыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті бұған дейін үйленбеген болып шықты. Ер кісіні үйқамаққа алған.

Еске салсақ, 5 қыркүйекте дәл осы Жақсы ауданында екі 24 жастағы азамат 23 жастағы бойжеткенді алып қашқан болатын. Бойжеткен қарсылық танытып, полицейлерге жүгінген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support