Ақмола облысында 35 жастағы ер кісі 15 жастағы оқушыны алып қашты
Ақмола облысында 35 жастағы ер кісі 15 жастағы оқушыны алып қашты
35 жастағы Ақмола облысының тұрғыны 15 жастағы оқушыны алып қашты. Алайда оның бұл жоспарына кәмелетке толмаған қыз баланың анасы кедергі келтірген.
Тарасовка аулының тұрғыны оқушы қыздың көңілін аулап, артынша алып қашқан. Үйіне қызды күштеп әкеткен ер кісі оқушының анасына құдаларды жіберген. Алайда қыздың анасы ұсынысты қабылдамай, полицейлерге арыз түсірген.
Полиция қызметкерлері «заңсыз бас бостандығынан айыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті бұған дейін үйленбеген болып шықты. Ер кісіні үйқамаққа алған.
Еске салсақ, 5 қыркүйекте дәл осы Жақсы ауданында екі 24 жастағы азамат 23 жастағы бойжеткенді алып қашқан болатын. Бойжеткен қарсылық танытып, полицейлерге жүгінген.