Денсаулық

Астанадағы 17 мектепте сабақ таңғы 7:40-та басталатын болды

Астанадағы 17 мектепте сабақ таңғы 7:40-та басталатын болды

pogudx2ndekpmjf7f.20869555Астанадағы бірнеше мектептің оқушылары үшін сабақ таңғы 7:40- та басталады.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, мұндай тапсырманы Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков берген.

Енді 14 қыркүйектен бастап оқушылар үшін бірінші сабақ таңғы 7:40-та басталады.

Оқу уақытына өзгеріс енгізілген мектептер тізімі төмендегідей: № 1, 3, 5, 6, 17, 31, 35, 38, 50, 53, 54, 56, 59, 60, 66, 70, 75.

«Қаладағы 17 мектепте сабақ бұрынғыдан ерте, 7:40-та басталатын болды. Бұл әкімнің тапсырмасы. Қаладағы жол-көлік қозғалысын жеңілдету үшін осындай қадамға барып отырмыз. Өйткені, қалада транспорт өте көп», – деп мәлімдеді қалалық білім басқармасынан.

Бүгінде ата-аналар мен оқушылар сабақтың ерте басталатынынан хабардар болған.