- Advertisement -

Мәдениет үйі менмұндалап тұр

219

- Advertisement -

Қарасаз ауылындағы ескі Мәдениет үйі күрделі жөндеуден соң жаңарып, жаңа келбетке ие болды. Жылдар бойы жөндеу көрмей, әбден тозған ғимаратқа биыл қазынадан 36 миллион теңге бөлінді. Сырты қоршалып, кіреберіс, айнала, төңірекке плиталар төселген. Ғимараттың іші-сырты түгел бүгінгі талапқа сай жөнделіп, әрленіп, көркейтілген. Мұнда Мәдениет үйінен басқа ауылдық кітапхана, ауыл әкімінің аппараты орналасқан. Бәрі жаңаша, тіпті жиһаздарға дейін жаңадан сатып алынып, орнатылды. Мәдениет үйінің 210 орындық залы қандай мәдени-көпшілік іс-шара өткізуге де жарайды, қажетті жиһаздар, музыкалық аппаратуралармен толықтай қамтамасыз етілген. Осылайша, жаңғырып, жаңарған Мәдениет үйінің ашылуы салтанатты жағдайда өтті. Ауыл тұрғындары көптеп жиналған шараға аудан әкімі Батырбек Құлекеев қатысып, халықты қуаныштарымен құттықтады, игі тілегін жеткізді.
Аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков ауыл проблемалары кезең-кезеңмен шешіліп келе жатқанын айта келіп, тұрғындарға деген ыстық лебізін білдірді.
Мәдениет үйінің лентасы қиылып, шашу шашылды. Жиналған қауым жаңа ғимараттың ішіне кіріп, аралап шықты, үлкен залға келіп жайғасты. Жаңа Мәдениет ошағында ауыл тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынылды.

Мейірбек МӘТЕНОВ,
журналист.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support