- Advertisement -

64 жылға жуық уақыт тақта отырған ІІ Елизавета ханшайым рекорд орнатты

106

- Advertisement -

pogudxaHR0cDovL2kuY2RubmFpai5jb20vby9VcVNxMTdDeWRSeW9CY2IwVkttREx2NzIuanBn.prx.14c977c8Бүгін Лондонда тақта отыру бойынша рекорд орнатқан Елизавета патшайымның құрметіне орай мерекелік отшашу өтеді. 9 қыркүйекте британдық монархтың тақта отырғанына 23 226 күн немесе 63 жыл 7 ай және 3 күн толды, деп хабарлайды ВВС.

«ІІ Елизавета патшайым бүгін Бірлескен Корольдіктің тақта ең ұзақ отырған монархы атағын иеленіп, Виктория патшайымның алдын орады. Қоса есептегенде, екеуі тақта 125 жылдан аса билік жүргізген», – деп жазады ВВС.

Қос патшайымның ұқсастығы көп, алайда ерекшеліктері де аз емес.

Мәселен, Виктория 18 жасында таққа отырып, 63 жыл, жеті ай және екі күн ел билеген.

Ал Елизавета таққа 25 жасында көтерілді. 2015 жылдың 9 қыркүйегінде британ тарихында ең ұзақ ел билеген монарх деп танылды.

Сондай-ақ Елизаветаның герцог Эдинбургскиймен некелескеніне 68 жыл толады. Оған қоса ол алтын тойын атап өткен тұңғыш британдық монарх болып табылады.

Елизаветаның жеке байлық-дәулеті 340 млн фунтқа тең.

Елизавета ел басқарған кезеңде 12 премьер-министр ауысып үлгерді. Олардың ішінде ең ұзақ, атап айтқанда 11 жыл премьер болған Маргарет Тэтчер.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support