- Advertisement -

Депутат қазақстандықтарға интернеттегі “ақпаратты жою” құқығын беруді талап етті

67

- Advertisement -

pogudx7807n0hbouj.22ba54d8Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов Қазақстанда “ақпаратты жою” құқығын қолдайтын заң қабылдау мәселесін тағы да көтерді. Премьер-министрге бағытталған депутаттық ұсынысы барысында ол «Курицы Актобе» тобында орын алған қайғылы жағдайды еске салды.

Депутат ақпараттық қоғам дамыған кезеңінде жеке мәліметтерді сақтап, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын алға тартты.

Оның ойынша, әлемдік тәжірибеде кеңінен тараған “ақапаратты жою құқығы” оң нәтижелер береді. Себебі бұл құқық азаматқа интернетте тарап кеткен жалған, ескірген, бұрмаланған немесе дәлелденбеген ақпаратты жойып, өз абыройын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

«Бүгінде тұлға физикалық қана болмай, виртуалдық кейіпке де енетініне байланысты “ақпаратты жою құқығы” маңызды заңдардың біріне айналмақ. Өткен жылы БАҚ-та 17 жастағы Ақтөбе тұрғынын әлеуметтік желі өлімге итермелегені туралы ақпарат жарияланды.«ВКонтакте» желісіндегі «Курицы Актобе» тобы жеткіншектің фотосын тіл тигізетін пікірлермен бірге жария еткен. Мемлекеттік қызметкерлер мен өзге танымал адамдардың атынан «жалған аккаунттар» ашу жағдайы да кездеседі. Мұндай жалған ақпараттар тұлғаның абыройына нұқсан келтіреді», – дейді Өмірзақов.

Депутат осыған орай заң қабылдау ұсынысын жасады.

«Осы жағдайларды негізге ала отырып, Қазақстанда “ақапаратты жою құқығын” енгізу мәселесін қарастыруды сұраймыз. Бұл құқық қылмыскерлер, жемқорлар, педофилдер үшін цензура құралына айналмауын қадағалап отырған жөн», – дейді депутат.

Өмірзақов бұл заңды Ресей ағымдағы жылдың шілдесінде қабылдап үлгергенін алға тартты.

Өзге депутаттар – Ахметбеков, Баймаханов, Кенжин, Косарев, Конуров және Сорокин ұсынымға өз қолдарын қойған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support