Атышулы ресейлік саясатер Қытай, АҚШ пен Ресейге бүкіл әлемді бөліп алуды ұсынды
Атышулы ресейлік саясатер Қытай, АҚШ пен Ресейге бүкіл әлемді бөліп алуды ұсынды
Ресейлік саясаткер әрі жазушы Лимонов Қытай, АҚШ пен Ресейге кездесу ұйымдастырып, бүкіл әлемді бөліп алуға ұсыныс жасады.
«Русская служба новостей» бағдарламасының эфиріне сұхбат беру кезінде Лимонов үш ел басшыларына оғаш ұсыныс жасады.
«Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін екі ірі держава пайда болды. Олар КСРО мен АҚШ. Ал қазір мұның бәрі бордельге айналып барады. Мен Гималай сияқты нейтралды жерде Қытай, Ресей мен АҚШ жиналып, әлемді өзара бөліп ала салсын деген кеңес беремін. Әлемді бөлшектеп, быт-шытын шығармай тұрғанда осылай істеген дұрысырақ», – деп санайды Лимонов.
«Жай ғана әсер ету аясын бөлісіп алуы керек. Әлемді түрмедегідей бақылауда ұстайтын үш мемлекет. Бұл әсер етеді. Қалжыңдап айтсам да, әлем бөлшектеніп жатқаны рас емес пе?», – деп қосты Лимонов.
Оның ойынша, АҚШ-тың гегемон атануға күші жетпейді: «Олар жетер жеріне жетті. Одан артыққа шамалары жетпейді. Олар бастарын сұғып, бастап алады да, тастай салады», – дейді Лимонов.