Денсаулық

Медведев: Қазақстанның ДСҰ-ға енуі ЕАЭО нарығына қауіпті болуы мүмкін

Медведев: Қазақстанның ДСҰ-ға енуі ЕАЭО нарығына қауіпті болуы мүмкін

pogudx5aamhu9vllu.7aecb502Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі Еуразиялық экономикалық одақтың нарығына зиянын тигізуі мүмкін.

Бұл туралы Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Белоруссияның Гродно қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесте мәлімдеді.

Сондықтан қазірден бастап қорғаныс шараларын әзірлеуге шақырды. Ресей премьері Еуразиялық одақтың экономикасын қорғау үшін осыған дейін де бірнеше рет көтерілген «бірыңғай маркілеу» мәселесін қайта қозғады.

Бұл тәсілді пилоттық жоба ретінде теріден жасалған тауарларға қолдануды ұсынды. Ал болашақта сезімтал тауарлар тобына жататын заттарға көшуге болатынын жеткізді.

“Бұл әрекет заңсыз тауарлар легін тоқтатуға ықпал етеді. Қазақстанның халықаралық ұйымға кіруінен туындайтын түрлі сұрақтардың шешімі бола алады”, – деді Дмитрий Медведев.

Одақ ішіндегі экономикалық мәселелерді үш ел президенті қазан айында Астанада өтетін ТМД мен ЕАЭО саммитінде талқыламақ.