- Advertisement -

Ақтөбелік мұғалім өзін “ағай” демей, атын атаған 10 сынып оқушысын ұрып тастады

84

- Advertisement -

pogudx14lmss3ok9bg.dcb6cf89Ақтөбеде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны ұрып, миын шайқап қойды. Соққыдан ерні жырылған 10 сынып оқушысы Сұлтан Оразов қазір ауруханада жатыр.

Оқиға 4 қыркүйек яғни, өткен сенбі күні болған. Қанат Оразовтың айтуынша, сол күні Заречный елдімекеніндегі №55 мектептен оқулық алып келу үшін мұғалімдер өздерімен бірге оқушыларды ерте кетеді. Жолай оқушы 21 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімін “ағай” демей, “Серік” деп атымен атаған. Даудың басы-осы.

“Ұзақты күн оқулық тасып, үйге кешкісін 5-ке таман келді. Басы айналып, теңселіп келгесін жедел жәрдем шақырдық.Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Үйге мектеп директоры мен мұғалімдер кешірім сұрап келді. Ассыз, сусыз баланы жұмсағандары аздай, соққыға жыққандары қалай? Баламның айтуынша, ағайы алдымен басынан нұқып, артынан оңаша жерге апарып ұрған”,-дейді оқушының әкесі Қанат Оразов.

Ақтөбедегі №12 мектептің оқушысы Сұлтан Оразов 4 қыркүйек күні облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер алдымен оның жырылған ернін тігіп беріпті. Тексере келе миы шайқалғанын да анықтаған.

Жасөспірімнің ерні жырылып, миы шайқалғанын Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының нейрохирург дәрігері Самат Көкшібаев та растап отыр.

Дәрігердің айтуынша, баланың ауруханаға түскендегі жағдайы орташа дәрежеде болған. Қазір бірқалыпты. Оқушы он шақты күн ауруханада жатып, ем алады.

Бұл жағдайға қатысты әзір мұғалімдер де, білім бөлімінің басшылары да түсініктеме берген жоқ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support