Денсаулық

Ұлттық Банк 2 миллионға жуық салымшыға бағамдық айырманы төлеуді жоспарлап отыр

Ұлттық Банк 2 миллионға жуық салымшыға бағамдық айырманы төлеуді жоспарлап отыр

20141219160103Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ҚР Ұлттық Банкі Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу тетігін әзірлеп, тәртібін бекітті.

«Тәртіпке сәйкес, салымшыда 2015 жылғы 18 тамыз операциялық күннің соңында екінші деңгейдегі банктерде және /немесе «Қазпочта» АҚ-та теңгемен ашылған депозит болған кезде оған бағамдық айырма төленетін болады. Бұл ретте 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша банк шотындағы салым бойынша қалдық 1 миллион теңгеден аспауға тиіс. Бағамдық айырманы төлеу жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша жүзеге асырылады», - деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметінен.

Бұдан басқа, ҚР Ұлттық Банкінің бастамасымен мемлекеттік жинақтаушы білім беру жүйелерінің шеңберінде ашылған депозиттер бойынша бағамдық айырманы төлеу жүргізілетін болады. Бағамдық айырманы алу үшін салымшы депозитті арнайы шотта кемінде бір жыл сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады. Салымшылар 2015 жылғы 1 қазанға дейін банкке депозитті қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы қажет. Өтемақы тетігінің шеңберінде 2 млн. жуық салымшыға бағамдық айырманы төлеу жоспарланып отыр.