Шағын ауылдағы еңселі ескерткіш
Шағын ауылдағы еңселі ескерткіш
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар одан әрі жалғасуда. Соның жарқын дәлеліндей Күреңбел ауылдық округіндегі 45 отбасы тұратын Қаратас ауылында соғыс және тыл ардагер-леріне арналған ескерт-кіш ашылды. Соғыс жылдары ауыл-дан 45 адам майданға аттанса, соның 28-і қайтпай қалған екен. Тасқа қашап жазыл-ған олардың есімдері ұрпақ-тан-ұрпаққа жетіп, ел есінде мәңгі сақталады.
Ескерткіштің ашылу салтана-тына жақын маң-дағы ауылдардан да ағайындар келіп, халық көп жиналды. Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Батырбек Құлекеев Ұлы Отан соғысы, Жеңіс туралы тағылымды әңгіме айтты. Ескерт-кіштің ерлер рухына тағзым ететін қасиетті орынға айналатынын еске салды.
– Жеңістің 70 жылдығына байланысты іс-шаралар ауданда әлі де жалғасуда. Бүгінге дейін оннан астам ескерткіш орнатылды. Осындай игілікті істі енді сіздер атқарып отырсыздар, – деді аудан әкімі.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облысы-мыздың Құрметті азаматы Жарас Мұратай, Жуалы ауданының Құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері Еркінбек Солтыбаев, Әбілқасым Ергебеков, ауыл қариясы Алтынбек Қуанышев кешегі күркіреп өткен соғыс жылдарындағы естіген-білген сырларымен бөлісіп, ауыл өмірі туралы сөз етті. Ескерткіштің лентасы қиылып, гүл шоқтары қойылды. Әруақ-тарға құран бағышталып, ас берілді.
«Ақ жол-Ақпарат».
Жуалы ауданы.