- Advertisement -

Тең ойын үміттендірмейді

101

- Advertisement -

Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары жүріп жатқаны белгілі. Қазақстан ойыншылары бірер күн бұрын Чехия құрамасымен сырт алаңда кездесіп, 2:1 есебімен жеңілген болатын. Жексенбі күнгі Исландия құрама командасымен болған кездесу тең аяқталды.

Сөйтіп, ұлттық құрама «Еуро-2016» іріктеу додаларында екінші тең нәтижеге қол жеткізіп отыр. Алғашқы ойын Астанада өткен Латвия құрамасымен болған кездесуде тіркелген еді. Бір айта кететіні, латвиялықтар қақпасына жіберген голдар саны жөнінен қазақ футболшыларымен тең. Тек біздің жерлестеріміз бір голды артық соғуымен ғана алда тұр. Бұл топта Еуропа чемпионатына жолдаманы Исландия мен Чехия құрамалары жеңіп алды.

 

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support