Денсаулық

Қазақстанда еліміздің әрбір азаматына медициналық сақтандыру жасалмақ

Қазақстанда еліміздің әрбір азаматына медициналық сақтандыру жасалмақ

pogudxa96isg89o9c.c4c4051dЕліміздің әрбір азаматына енді міндетті түрде медициналық сақтандыру жасалмақ. Мәжілісте осыған қатысты жаңа заң жобасы қаралды.

Оны халық қалаулыларына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова түсіндіріп берді деп хабарлайды КТК арнасы.

Құжатқа сай енді еліміздің әрбір азаматы өзіне міндетті түрде әлеуметтік медициналық сақтандыру жасауы керек. Ол үшін жұмыс беруші қол астындағы қызметкеріне зейнетақымен қоса, осы сақтандыруға жалақысының 5 пайызын аударып отыруы тиіс.

Егер кімде-кім медициналық жәрдемге мұқтаж болып жатса, қиындықсыз емделе алады. Ал жұмыссыздар мен әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы аналар мен зейнеткерлер үшін сақтандыруды мемлекет өзі төлейтін болады. Десе де жаңа заң жобасы 2017 жылдан іске аса бастамақ.

“Бірақ сақтандыру барлық жағдайда жұмыс істей бермейді. Тек шұғыл жағдайда ғана жарамды. Жедел жәрдем мен санитарлық авиацияның көмегіне жүгінуге, жеңіл-желпі ауруларды емдетіп, екпе салдыртуға болады.Кейін бірте-бірте қызмет түрлерін арттырамыз”, – дейді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.