Назарбаев ғарышкерлерді өзі күтіп алады

60

pogudx4cvapr8p8pc.d2ff6dc9Президент Нұрсұлтан Назарбаев алдағы 12 қыркүйекте «Союз ТМА – 16М» ғарыш кемесінің экипаж мүшелерімен кездеседі деп мәлімдеді ҚазҒарыш агенттігі.

Ғарышқа 2 қыркүйек күні аттанған «Союз ТМА – 16М» кемесі 12 қыркүйек күні Астана уақытымен 06 сағат 48 минут шамасында Қарағанды облысының Жезқазған аймағына қонады деп жоспарланған.

Экипаж мүшелері Астанаға 12 қыркүйек күні сағат 10.25 шамасында келеді деп күтілуде. Оларды әуежайда Президент Нұрсұлтан Назарбаев күтіп алады.

Айта өтейік, экипаж мүшелерінің құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов пен Дания астронавты Андреас Могенсен, сондай-ақ ресейлік ғарышкер Геннадий Падалки бар.

Comments are closed.