Қордай
Қордай
«Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда. Аудандағы облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттық корпусы 642 мың теңгеге 54 балаға мектеп формалары мен спорттық киімдер, аяқ киімдер, оқушы сөмкелерін, оқу құралдарын сатып әперді. Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үйлерінде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі он балаға кеңселік керек-жарақтар мен спорт киімдерін тарту етті.