- Advertisement -

Тарихи тойдың басты шаралары белгілі болды

79

- Advertisement -

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай өткізілетін іс-шараларға жауапты адамдардың қатысуымен брифинг өтті. 

Елордада қыркүйектің 11-13 күндері өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойын мерекелеу аясындағы негізгі шараның бірі – «Барыс» мұз сарайында өтетін театрландырылған «Мәңгілік Ел» қойылымы болмақ. Негізі, Қазақ хандығының мерейтойы екі кезеңде, біріншісі – Астанада, ал екіншісі  Таразда өтеді. Қыркүйектің 11-і күні Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын болады. Ал түстен кейін Назарбаев Университетінде «Мәңгілік Ел» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылмақ. Оған мыңнан астам отандық және шетелдік ғалымдар, халықаралық сарапшылар, депутаттар мен ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде. Мұнымен қоса, кешқұрым «Барыс» мұз сарайында театрландырылған ауқымды мерекелік қойылым тарту етіледі. Қойылым Қазақ елінің үш мың жылдық тарихы мен қазіргі заманауи келбетін қамтиды.    Белгілі болғандай, 9 қазанда Тараз қаласында жалғасатын екінші кезең аясында – «Қазақ хандығына 550» монументін салтанатты түрде ашу, «Көне Тараз» мұражайын таныстыру, сондай-ақ бірқатар мәдени шаралар қамтылады.   Қазақ хандығының 550 жылдығы аясындағы мәдени шаралардың негізгілерінің бірі – республика аймақтарының қатысуымен «Қазақ Елі» монументі маңындағы алаңда өтетін этно-ауыл мен бұқаралық серуен болып табылады. «Қазақ Елі» монументі алаңы үш күнге елорда тұрғындары мен қала қонақтары тамашалай алатын үлкен этноауылға айналады. Алаңға елу киіз үй тігіліп, екі үлкен сахна, алтыбақан, спорттық алаңдар, тайқазандар және басқа да нысандар орнатылады. 

Брифинг барысында мерейтойдың жауапты қызметкерлеріне көптеген сұрақтар қойылды.  

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support