- Advertisement -

Қыркүйекте ауа райы қандай болады

104

- Advertisement -

pogudxaHR0cDovL2kuY2RubmFpai5jb20vby9CS0lPeUNNcWlLUHlkakNTUllsSHBGYkkuanBn.prx.1b2fdc79Қазақстанда қыркүйек айында жылы болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» кәсіпорнына сілтеме жасап.

Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында ауа температурасының орташа мәні нормаға сай болады, ал қалған өңірде 1 градусқа жоғарылайды деген болжам бар.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облысының басым аумағында, Қостанайдың кей жерлері мен Шығыс Қазақстан және Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашынның түсу мөлшері нормаға сәйкес болып, қалған аймақтарда нормадан төмен болады деген болжам жасалып отыр.

Еске сала кетейік, қыркүйектің басында жазғы жылы күндер  қайта оралған болатын. Тропосферада үстемдік жасап тұрған солтүстік желдер ақырындап оңтүстік батысқа ауысты. Солармен бірге Алдыңғы Азия аудандарынан, жылы тіпті ыстық ауа келіп жетті. Ауа температурасының анағұрлым көтерілуі еліміздің оңтүстігі мен батысында сезілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support