Алматы облысында 5 балдық жер сілкінісі болды
Алматы облысында 5 балдық жер сілкінісі болды
Алматы облысында 5 балдық жер сілкінісі болды.
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін сағат 15:20:15-те жер сілкінісін тіркеді.
Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы ақпаратынша, жер дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 115 км жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.8, магнитуда MPV – 5.0, ошақ координаттары – 43.44° с.ш. 78.30° в.д., тереңдігі – 25 км.