Денсаулық

Таразда археологтар алтын бұйымдар сақталған көне көмбені тапты

Таразда археологтар алтын бұйымдар сақталған көне көмбені тапты

1441360560_4Көне қаладан көмбе табылды. Таразда археологтар бұрынғы базар орнынан әйелдің әшекей бұйымдары салынған құмыра мен басқа да бағалы заттар тапты,-деп жазады khabar.kz Ескі шаһар орнында қазба жұмыстары екі жыл бұрын жүргізіле бастаған. «ҚазАрхеология» ғылыми орталығының қызметкерлері орта ғасырдағы қаладан күні бүгінге дейін қолданыста болған ою-өрнектер мен дәйекті деректер табылып жатқанын айтады.  «Ал алтын бұйымдардан көшпенділердің қолтаңбасын тайға таңба басқандай анықтауға болады», - дейді. Құнды жәдігерлер зерттеліп, тексерілген соң  «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық мұражайына сақтауға беріледі.  Бұл ғылыми табыстар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көпшілік назарына ұсынылмақшы.  Орынбай Ошанов, «ҚазАрхеология» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері   -Сол жерде тағы күміс табақ сияқты бұйым табылған. Оюларды қарасаңыз, өзіміздің қошқармүйіз сияқты оюлар. Яғни мына қала ежелден келе жатқан көшпенділердің қаласы.