Денсаулық

АҚШ юаньнің құнсыздануы үшін Қытайды жауапқа тартпақ

АҚШ юаньнің құнсыздануы үшін Қытайды жауапқа тартпақ

pogudx2fm1cpfo2mv.8e5abbcdАҚШ юаньнің құнсыздануы үшін Қытайды жауапқа тартпақ деп мәлімдеді АҚШ Қаржы министрі Джек Лью CNBC телеарнасына берген сұхбатында.

Ол Қытайдың өз валюта курсын басқаруы АҚШ-ты алаңдататынын жеткізді. Аспан асты елі, нарық күші – юаньді тек құлдыратуға емес, көтеруге де дайын болуы керек дейді АҚШ Қаржы министрі.

«Ұлттық валюта курсының бағамын өзгертуде тек экономикалық қана емес, саяси астар да бар. Егер Қытай алған бағытын жасыратын болса, онда АҚШ елді жауапқа тартатын болады», – дейді Джек Лью.

Әзірге Қытай тарабы қандай да бір ресми жауап қатпады. Әдетте аспан асты елі америкалық әріптестерін елдің ішкі экономикасына араласпауын сұрайды.

Сарапшылар Джек Льюдің бұл пікірі Бейжің мен Вашингтон арасын ажыратуы да мүмкін дегенге саяды.