Денсаулық

Жамбылдық шаруалар өз өнімдерін жергілікті дүкенде төмен бағамен сатуда

Жамбылдық шаруалар өз өнімдерін жергілікті дүкенде төмен бағамен сатуда

1441344154_1Жамбылдық шаруалар өздері өсірген өнімдерді жергілікті жердегі дүкендерде саудалап, тұрғындарды бағасы төмен көкөніспен қамтамасыз етуде. Мәселен, Жамбыл ауданы шаруа қожалықтары ол үшін сауда орындарымен меморандум жасап, бірлесе жұмыс істеу жайлы уағдаласқан. Соның арқасында, аймақта көкөніс бағасы тұрақты,-деп жазады khabar.kz.   Ладжер Цевазов биыл 20 гектар жерге түрлі көкөніс екті. Қазір алғашқы өнімдерін алып, аудандағы сауда нүктелеріне жөнелтуде.   Ладжер Цевазов, шаруа қожалығының жетекшісі  -Аудан кәсіпкерлерімен байланыста жұмыс істеу бізге өте тиімді. Дайын өнімімізді уақытылы өткіземіз, шығындар жоқ. 40 тонналық тоңазытқышымыз бар, сақтап қойып та сатамыз.   Сондықтан болар, көпшілік сырттан келетін көкөніске жүгірмей, өз жерімізде өсірілген өнімдерді алып жатыр. Бағасы қолжетімді, сапасы да күдік туғызбайды. Ыдырыс Юнусов, Жалпақтөбе ауылының тұрғыны  -Бағасына көңілім толады. Қымбатшылық жоқ. Елбасы айтқандай, қазір Қазақстанда салауатты өмір салтын ұстану керек. Ал аурудың көбі – астан. Бұл экологиялық таза өнім екендігін білеміз. Сондай-ақ ет, сүтті де өзіміздің өндірушілерден алуымыз керек. Жалпы, Жамбыл ауданында бүгінгі күні 198 сауда орындарымен шаруа қожалықтар арасында 134 меморандум жасалған. Сол арқылы аймақтағы бағаны тұрақты ұстап тұру мүмкін болып отыр. Марат Есалиев, Жамбыл ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы   -Оған сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарлар, оның ішінде өзімізде өндірілетін тауарларды келісімшартқа сәйкес тұрақты түрде қамтамасыз етіп отырады. Негізгі азық-түлік тауарларының жалпы 26 түрінің бағасы шектен асқан жоқ. Облыс орталығына іргелес жатқан соң, аудандағы қожалықтар Тараз қаласын да көкөніспен қамтып отыр. Облыстық әкімдік берген мәліметке сай, қазіргі таңда аймақта баға өсімі байқалмайды. Базарда картоп - 65, сәбіз - 96, қызылша - 116, пияз - 55, қырыққабат - 89 теңгеден саудалануда. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар ішінде тек қант пен тауық етінің құны өзгеріске ұшыраған.