АИ-92 маркілі жанар-жағармайдың бағасы еркімен жіберілетін болды
АИ-92 маркілі жанар-жағармайдың бағасы еркімен жіберілетін болды
Қазақстан үкіметі АИ-92 маркілі жанар-жағармайдың бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы 4 қыркүйекте өткен ОКҚ брифингінде хабарланды.
“Үкімет елдің жанар-жағармай нарығындағы тапшылықтың алдын алу мақсатында АИ-92 маркілі жағармайдың бағасын мемлекеттік реттеу саласынан шығару бойынша шешім қабылдады”, – деді бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев.