Денсаулық

ОҚО тұрғыны құрсақтағы қыз баланы ұлға айналдыра алатынын айтты

ОҚО тұрғыны құрсақтағы қыз баланы ұлға айналдыра алатынын айтты

pogudx62sua4b5rqm.698763d4Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғыны Төлеген Бимұрзаев құрсақтағы қызды ұлға айналдыруға болатынын айтты.

Мені кейінгі ұрпақ сапасы қатты толғандырады. Осы орайда өзім білетін бір жайды жұртқа жария еткім келеді. Өйткені бұл қазақ халқына өте қажет мәселе”, – дейді ақсақал.

“Ілгеріректе Алматыдан өзбек тілінде шыққан «Висол лаззати» деген кітапты сатып алып, оқыған едім. Кейін жоғалтып алдым. Негізі бұл кітап 30 мың данамен шыққан екен, бүгінде біреулерде бар болуы да мүмкін. Ал аталған кітапта мұсылман ғұламаларынан өмірге бала әкелуге қатысты зерттелген және дәлелденген бір кесте қалғаны жайында айтылыпты”, – деген қария дүниеге ақылды бала әкелудің жолдарымен бөлісті.

«Әйелдің «айлық қонағы» келгеннен соң жатыр таза болады. Бұл тазалық 12 күнге дейін жалғасады, осы күндер бала қабылдау уақыты болып саналады. Ол тоқтаған күн 1-ші күн болып есептеледі», – деп, астына мынадай кесте түзілген:

1-ші күн – ұл,  2-ші күн – қыз, 3-ші күн – ұл, 4-ші күн – қыз, 5-ші күн – ұл, 6-шы күн – қыз, 7-ші күн – ұл, 8-ші күн – қыз, 9-шы күн – ұл, 10-шы күн – қыз, 11-ші күн – ұл, 2-ші күн – қыз.

Осы 12 күн ішінде дүйсенбі, бейсенбі, жұма күні пайда болған ұл мен қыз жақсы адамдар болады, елге қызмет ететіндер дүниеге келеді деп айтылған.

Ал сейсенбі, сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері пайда болған балалар ата-анадан безер, қисық-қыңыр, жақынына жаны ашымайтын мейірімсіз болады делінген.

“Мұны мұсылман ғұламалары айтқан екен. Ал ұрпағының­ жақсы болуы – әрбір ата-ананың арманы. Ұрпағымыз жақсы болса, еліміз жақсы болады, келеңсіздіктер азаяды. Жақсы ұлт қалыптасады», – дейді қария.

Сондай-ақ Төлеген қария тағы бір өзгеше әдіс туралы айтып таңқалдырды.

«Егер әйелдің құрсағындағы шарана қыз бала болса, оны үш айлығында ұлға айналдыруға болады. Мұның арнайы дұғасы бар, мен білемін. Осындай жолмен туылып жатқан ұлдар біздің ауылда бүгінде 15 шақты болды. Ал оның әдісін басқа адамға үйретуге қақым жоқ. Себебі тиісті тәртіптерін сақтамаса, ана мен балаға ауырлық түседі», – дейді ол кісі.

Айтуынша, қарияның өзі де ескіше ілімнен құралақан емес көрінеді. Ол өзінің науқастарға қарап, дертінен айықтыратын қасиеті бар екенін айтады.