- Advertisement -

Мүфтият Айдын Айымбетовтің “киелі сумен шоқындыруына” қатысты жауап берді

79

- Advertisement -

pogudx7ud0ufkd0tr.52723dc5Мүфтият өкілдері 2 қыркүйекте ғарышқа аттанған отандасымыз, Қазақстан атынан ұшқан тұңғыш ғарышкер Айдын Айымбетовтың ұшырылымнда орын алған келеңсіз оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына және ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қазақтан шыққан үшінші ғарышкер – Айдын Айымбетовты ғарышқа ұшыру рәсіміне ұйымдастырушылар тарапынан шақырту келмеді. Діни рәсімдер орындалатыны жайында хабар жеткізілмеді”, – деп түсіндіреді
ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы.

“Тарихи шараға Бас мүфти бастап, имамдар дұға-тілектерін жаудырып, батасын беріп жатса, жарасып-ақ кетер еді деп ойлаймын. Имамдар қоғамдық іс-шараларға атсалысып, игі бастамаларда белсенділік танытып келеді”, – деп жалғастырды сөзін Діни басқарманың өкілі.

Еске сала кетсек, кеше, 2 қыркүйек күні, ғарышқа аттанар кезде қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовті киелі сумен шоқындыру ғаламторда қызу талқыланып, жұртшылықтың наразылығын тудырған еді.

Халық  ғарышқа аттанар алдында дін қызметшісінің ғарышкерлерді киелі сумен шоқындырғанына ерекше назар аударған.

Осы орайда оқырмандар Бас мүфтидің қазақ ғарышкеріне бет сипап, бата бермегеніне қынжылған. Сонымен қатар, киелі сумен шоқындырма деп айтпағаны үшін Айдын Айымбетовке кінә артқандар да табылуда.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support