- Advertisement -

Қазақстан рубльге қатысты «беске бір» тепе-теңдігіне қайта оралмайды

64

- Advertisement -

20150903155918Қазақстан Ресей рубліне қатысты «беске бір» тепе-теңдігіне таяу аралықтың ішінде қайта оралмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

«Осыдан екі жыл бұрын болған дәл осы «беске бір» тепе-теңдігі (теңгенің ресейлік рубльге қатысты) болуы қажет деп санайтындықтарыңыз түсініксіз. Иә, бұл — тарихи тепе-теңдік Ресей мен Қазақстанда 1998 жылы құнсыздану орын алғаннан кейін сақталған болатын. Бірақ 90-шы жылдарда бізде мүлдем бөлек тепе-теңдік болған еді», — деді вице-министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның пайымынша, аталған тепе-теңдік қандай да бір негізделген немесе қатаң экономикалық алғышартты  емес. Сондықтан  да қазіргі уақытта екі елдің ұлттық валюталары арасында басқа тепе-теңдік бар. «Бесте бір» тепе-теңдігіне біздердің қайта оралуымыз мүмкін емес», — деп қосты ол.

Т.Жақсылықовтың айтуынша, өткен жылдары ішінде Ресейде девальвациялық процестің қарқынды орын алуымен қатар инфляциялық процестің де үдей түскені байқалады.

«Яғни, өнім құны күрт өсті. Жылдық мәнде инфляция 22-24 пайызға (Ресейде) дейін жетті, ал кейбір өнімдерде одан да жоғары. Дәл осы аралықта бізде 2015 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша инфляция 3,9 пайызды құрады», — деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, осы баға өзгерістері беске бір тепе-теңдігіне  күрт түзетулер енгізді.

«Теңгенің еркін бағам айналымына көшкенімізге көп уақыт бола қойған жоқ. Сонымен бірге біздердің жергілікті жерлерден алып жатқан ақпараттарымыз, керісінше,  бизнестің, оның ішінде азық-түлік саласының дамуы үшін зор серпін алғанын айтуда», — деді Т.Жақсылықов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support