Қазақстан рубльге қатысты «беске бір» тепе-теңдігіне қайта оралмайды
Қазақстан рубльге қатысты «беске бір» тепе-теңдігіне қайта оралмайды
Қазақстан Ресей рубліне қатысты «беске бір» тепе-теңдігіне таяу аралықтың ішінде қайта оралмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.
«Осыдан екі жыл бұрын болған дәл осы «беске бір» тепе-теңдігі (теңгенің ресейлік рубльге қатысты) болуы қажет деп санайтындықтарыңыз түсініксіз. Иә, бұл - тарихи тепе-теңдік Ресей мен Қазақстанда 1998 жылы құнсыздану орын алғаннан кейін сақталған болатын. Бірақ 90-шы жылдарда бізде мүлдем бөлек тепе-теңдік болған еді», - деді вице-министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның пайымынша, аталған тепе-теңдік қандай да бір негізделген немесе қатаң экономикалық алғышартты емес. Сондықтан да қазіргі уақытта екі елдің ұлттық валюталары арасында басқа тепе-теңдік бар. «Бесте бір» тепе-теңдігіне біздердің қайта оралуымыз мүмкін емес», - деп қосты ол.
Т.Жақсылықовтың айтуынша, өткен жылдары ішінде Ресейде девальвациялық процестің қарқынды орын алуымен қатар инфляциялық процестің де үдей түскені байқалады.
«Яғни, өнім құны күрт өсті. Жылдық мәнде инфляция 22-24 пайызға (Ресейде) дейін жетті, ал кейбір өнімдерде одан да жоғары. Дәл осы аралықта бізде 2015 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша инфляция 3,9 пайызды құрады», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, осы баға өзгерістері беске бір тепе-теңдігіне күрт түзетулер енгізді.
«Теңгенің еркін бағам айналымына көшкенімізге көп уақыт бола қойған жоқ. Сонымен бірге біздердің жергілікті жерлерден алып жатқан ақпараттарымыз, керісінше, бизнестің, оның ішінде азық-түлік саласының дамуы үшін зор серпін алғанын айтуда», - деді Т.Жақсылықов.