Депутаттар көмекшілері көп шетелдік әріптестеріне қызыға қарайтынын айтты
Депутаттар көмекшілері көп шетелдік әріптестеріне қызыға қарайтынын айтты
2016 жылдың қаңтарына дейін мәжілісмендер 70-ке жуық жаңа заң жобасын қабылдап үлгеруі керек.
Zakon.kz порталы халық қалаулыларынан заң жобасы санының көптігі оның сапасына әсер ететінін сұраған болатын.
Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов халық қалаулыларына көмекшілерді көптеп қосып берсе, нұр үстіне нұр боларын айтты.
Оның айтуынша, ресейлік депутаттардың 40-қа жуық көмекшісі бар екен.
«Заң жобаларының көп болуы оның сапасына да әсер етуі мүмкін деген қауіп жоқ емес. Бұл жағдайда депутаттар ғана емес, олардың көмекшілерін де іске қосу керек. Мысалы, ресейлік депутаттардың 40-қа жуық көмекшісі бар. Біз ресми түрде бес көмекшіге дейін ерте аламыз. Меніңше, көмекшілердің санын көбейту керек. Өйткені, біз үлгере алмаймыз. Бізге көмекшілер керек!», – деді Өмірзақов.
Депутаттың айтуынша, бүгінге дейін парламент қабырғасына 70-ке жуық заң жобасы келіп түскен.