Қазақстан халқы мемлекеттік бюджетті талқылауға қатысады
Қазақстан халқы мемлекеттік бюджетті талқылауға қатысады
Қазақстан халқы мемлекеттік бюджетті талқылау мен қалыптастыруға қатысады. Бұл туралы бүгiн өтiп жатқан әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы халықаралық конференция барысында елiмiздiң ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов айтты.
«Біз азаматтарды мепмлекеттік бюджетті талқылау мен қалыптастыруға тартуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін ақпаратқа қолжетімділік туралы заң жобасын әзірледік. Бұл құжат «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған», - деді министрдің орынбасары.
Осы орайда ол 2012 жылдан бері шешімдерді қабылдауда азаматтарды тарту тетіктерін құру бойынша мемлекет тиісті шараларды қабылдап жатқандығын айта келе, бұл тұрғыда мемлекеттік бірінші басшылардың блог-тұғырнамалары құрылғандығын, 2008 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 150-ден астам интернет-конференциялар өткізілгенін, сондай-ақ ашық мәліметтер порталы жұмыс істеп тұрғандығын жеткізді.
«Тұрақты негізде нормативті-құқықтық актілердің жобаларын талқылау жүргізілуде, сондай-ақ онда мемлекеттік қызметтер стандарттары қамтылған. Өткен уақытта мемлекеттік қызметтердің 2 мыңға жуық стандарттары талқылаудан өтті», - деді С. Сәрсенов.