Денсаулық

Бесағаш ауылында шағын орталық пайдалануға берілді

Бесағаш ауылында шағын орталық пайдалануға берілді

1441097649__dsc9388Zhambylnews -  Бесағаш ауылының кішкентай бүлдіршіндері Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесі қарсаңында үлкен қуанышқа бөленді. Өйткені осында 75 балаға арналған «Күншуақ» шағын орталығы салтанатты түрде ашылды. Салтанатты жиында Жамбыл ауданының әкімі Мәден Мұсаев сөз сөйлеп, барша ауыл тұрғындарын, барша балғындарды қуаныштарымен құттықтады. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жетібай Бөрібеков те өзінің текті тілегі мен ақ батасын жеткізді.