
Ұғысқан егіз жүрекпен,
Ұғысқан егіз тілекпен.
Айдынның самал-жүрегі
Толқынға мұны сыр еткен.
Сол көлді өскен жағалай
Құрақ та байсалды анадай,
Көліңе сүйеп иегін,
Тылсым бір тыным табады-ай!
Қарайды күн де жаудырап,
Жер бетін зермен жабады.
Ай сұлу әсем маужырап,
Жүзінен нұры тамады.
Аяулы-ау аққу сезімі,
Маған да аз-кем жұғысты.
Бірі-біріне ынтық жандар да
Соларша іштей ұғыссын! Бағила СӘРСЕНБАЕВА, ұстаз. Т. Рысқұлов ауданы.