- Advertisement -

Балалар қамын ойлаған бастама

96

- Advertisement -

Балаларға әрқашан көңіл бөліп, қолдау көрсетіп тұруымыз керек. Қамқорлықты сезініп өскен жас жеткіншектердің бойында қатыгездік болмайды. Жыл сайын қыркүйекте «Мектепке жол» акциясы өтетіні белгілі. Қайырымдылық шарасына тартылған демеушілер әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға негізінен мектеп формаларын әпереді. Балалардың сабақтан қалмауы үшін бұл да бір көмек. Ал қыста тағы бір қиындық  басталады. Жылы киімі болмауынан мектепке бармай қалатындар осы кезде де көбейеді. Осыны ескерген ауылдық округ әкімдігі жыл басында қамқорлық акциясын ұйымдастырған еді.
Балғындарға тосынсый жасау үшін тағы да кәсіпкерлерге қайырылдық. Біздің ұсынысымызға кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Бағдат Жантақбаев алғашқылар қатарында үн қосып, 50 балаға қысқы сырт киімдер әперді. Ол осылай жыл басынан бері  әлеуметтік аз қорғалған  отбасыларына  ай сайын  30 мың теңге көлемінде үзбей көмек көрсетумен келеді. Сондай-ақ, жоғарыда аталған бастамаға Луговой рельс дәнекерлеу зауытының директоры Қайрат Терлікбаев, жеке кәсіпкер Досқали Жалғасбаев, басқа да азаматтар белсене атсалысты.Осындай демеушілеріміздің қолдау көрсетуімен жаңа оқу жылы қарсаңында да 100 мың теңге көлемінде қаражат жиналуына қол жеткіздік. Бұл қаражатты енді «Мектепке жол» акциясы аясында бірқатар көп балалы, жағдайы төмен  отбасыларынан шыққан, жетім балаларды мектеп формаларымен, оқу құралдарымен, қажетті кеңсе тауарларымен қамтамасыз  етуге жұмсайтын боламыз. Бұдан басқа мұндай көмек оқругтегі үш мектеп әкімшілігі тарапынан да  ұйымдастырылуда. Акция әлі де жалғасады.

Ербол ӘБУТӘЛІПОВ,
Луговой ауылының әкімі.

Т. Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support