- Advertisement -

Еңбектері еленді

89

- Advertisement -

Ұлттық экономика министрлігінің шешімімен Құрылысшылар күні – кәсіптік мерекесіне ведомстволық наградалармен облыста құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы көпжылдық еңбегі үшін және Конституцияның 20 жылдығына орай бірқатар білікті басшылар мен мамандар «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков төсбелгілерді иелеріне салтанатты жағдайда тапсырды.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – бұл тынымсыз еңбекті қажет ететін сала. Сондықтан сіздер осы төсбелгіге еңбекпен жеткен азаматсыздар. Әрдайым отбасыларыңызға табыс, жұмыстарыңызға береке тілеймін», — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков.
Еңбектің арқасында есімдері еленіп, мерейлері үстем болғандар – Жамбыл электр жүйелерінің бас директорының өндірістік сұрақтары бойынша орынбасары Досымхан Аралбаев, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының  мемлекеттік сатып алу, отын және сумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бейсенбек Жампозов, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның вице-президенті Бақтыбай Қырықбаев және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының өндірістік техникалық бөлімінің басшысы Абыл Юсупов.

Қанат Тілепберген,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support