Денсаулық

Жергiлiктi полицияны облыс әкiмi тағайындайтын болады

Жергiлiктi полицияны облыс әкiмi тағайындайтын болады

20150901122712"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жергiліктi полиция қызметiнiң жұмысы бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң жобасына сай, жергiлiктi полиция жетекшiсiн сол облыстың әкiмi тағайындайтын болады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Iшкi iстер министрлiгi Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң төрағасы Игорь Лепеха мәлiм еттi.

"Заң жобасындағы бiр жаңалық - 2016 жылдың 1 қаңтарында құжат күшiне енген соң, жергiлiктi полицияның жетекшiсi мен оның орынбасарын Iшкi iстер министрлiгiмен және облыстық мәслихатпен келiсе отырып, облыс әкiмi тағайындайды. Осылайша, әкiм өз өңiрiндегi тәртiптiң сақталауын қамтамасыз ететiн тетiктi көбейтедi және де жергiлiктi полиция жұмысы үшiн әкiмнiң жауапкершiлiгi артады", - деп хабарлады И.Лепеха.

Айта кетейiк, осы жылдың мамыр айында өткен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Мемлекет басшысы халыққа есеп беретiн жергiлiктi полиция органын құруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау үшiн Iшкi iстер министрлiгi "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жергiдiктi полиция қызметiнiң жұмысы бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң жобасын әзiрлеген болатын. Заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.