- Advertisement -

Ресейдегі велокоманданың басшысы қазақстандықтарды “топас салық төлеушілер” деп атады

99

- Advertisement -

pogudx177kv2s51qgg.516576b9Ресейлік Tinkoff-Saxo басшысы Олег Тиньков бірнеше рет “Астана” командасы жарыс жолындағы тартысты әділетсіз жүргізіп келетінін хабарлады.

Ол бұл тақырыпты”Астана” көшбасшысы Винченцо Нибали «Вуэльте» – тегі жарыс жолынан шығып қалғаннан кейін көтерген.

Өз кезегінде қазақстандық велокоманда “Астананың” бас менеджері Александр Винокуров таса да қалып қомай, Тиньков негізінен қара пиармен жиі айналысатынын мәлім етті.Әрине, кейде оның пікірлері әдептіліктің барлық шегінен өтіп, бұл өсек сияқты көрінеді. Бұндай сәттерде тек біздің әрбіріміздің қандай тәрбие алғанымызды көрсетеді. Әрине бұл түсінікті, ол қандай жолмен болмасын өзіне пиар жасап отыр. Ал бізде ондай мақсат жоқ, мен барлығын жолда дәлелдеп дағдыланғанмын, жарысушы және бас менеджердің ролін атқарып отырғанымда да әлі күнге дейін  бұл әректім тек оң әсер етуде. Сондықтан да ол өзіне осындай жолмен пиар жасағысы келсе, құдай үшін жол ашық. Ал мен өз кезегімде оның айтқандарына жауап беріп, әлеуметтік желіде Олегпен қандай да бір тілдесуге бармаймын”, – деді Винокуров «Р-Спорт» агенттігіне берген сұхбатында.

Винокуровтың сөздерінен зығырданы қайнаған болса керек, Тиньков қазақстандық велокоманда жайлы өзінің Twitter-дегі парақшасында тұрпайы сөздер жазған. Тіпті Тиньков “Астананы” мемлекет ақшасын көкке шашып отыр деп айыптап, қазақстандықтарды “топас салық төлеушілер” деп атады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support