СҚО-да аршадан жасалған екі метрлік Конституция кітабы таныстырылды (ФОТО)
СҚО-да аршадан жасалған екі метрлік Конституция кітабы таныстырылды (ФОТО)
Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданында «Табиғат сыйы» атты көрмеде ауылдықтар аршадан ҚР Конституциясының екі метрлік кітабын жасады.
«Конституция кітабының ені 2 метр, ұзындығы 1,5 м. Ол арша мен дала гүлдерінен өрнектеліп жасалған. Кітаптың ішінде округтің тыныс-тіршілігі мен қандай шаралар өткізетінімізді бейнелеуге тырыстық. Мұны жасауға 4 күн кетіп, бірнеше жүздеген өсімдіктер пайдаланылды», - деді «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің басшысы Людмила Емельянова.
Мерекеге 17 ауыл мен 25 этномәдени бірлестік қатысты. «Табиғат сыйы» көрмесін өткізу дәстүрге айналып кетті. Биыл шара ҚР Конституциясының 20 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды.