Қоқыстан қашан арыламыз?
Қоқыстан қашан арыламыз?
Тараз қаласы «Қаратау» шағын ауданындағы №10 «Наурыз» балабақшасы маңындағы мына бір қоқыс үйінділерінің шашылып жатқанына біршама уақыт болды. Балабақша ауласының таяу тұсындағы тазалыққа нұқсан келтіріп тұрған бұл қоқыстар тәрбиеленушілердің ата-аналарының да наразылығын тудыруда. Олардың айтуынша, қоқыс жәшіктерінің іші уақтылы тазартылып тұрғанымен, айналасындағы қалдық заттар күн санап ұлғайып бара жатқан көрінеді. Жағымсыз әсерін айтпағанның өзінде, түрлі ауру-сырқатқа сеп болып, тазалық талабының сақталмай отырғанының көрінісіндей болған бұл келеңсіз жай тиісті орындардың назарына қашан ілігеді екен?!