- Advertisement -

«Өкпелеме екі тал гүл бергенге…»

129

- Advertisement -

1996 жылдардың кезі. Ауылдарда жарық уақтылы жанбайтын, зейнетақы мен жалақы уақтылы бармайтын сәттер болса керек. Нариман Мырзақұлов – мектепте мұғалім. Бір жолы өзімен әріптес қыздың туылған күні болып, мектептің жас мұғалімдерімен бірге Нәкең де барады. Қолында екі тал гүлі бар. Сол гүлді туған күн иесіне ұсынған күйде:
– Өкпелеме екі тал гүл бергенге,
Жауабым дайын бірақ күлгендерге.
Келерміз әлі үлкен сыйлықпенен,
Уақтылы айлық алар күн келгенде, – деп, төңірегіндегілерді түгел күлдірген екен.

«Жұмабек екеуміз мың доллардан бердік»

Қазіргі кезде не көп, той көп. Мұғалімдер де тапқанын тойға береді. Нәкең бір жолы Асхат деген әріптесінің тойына ұжымды бастап барады. Әр мұғалім 10 мың теңгеден шығарып, мектеп ұстаздары 500 мың теңгені жинайды. Сол той кәдесін тапсыру Нариманға жүктеледі. Сонда тойда Нариман сөйлеп тұрып:
– Асхат, тойың құтты болсын! Бір конверт ақша жиналды. Жұмабек деген досым екеуміз мың доллардан бердік, қалғандар мың теңгеден әкелді. Қазір той көп. Басқа тойға да апару керек, – деп әзілдепті.
Нәкеңнің қай кезде де тілінің қышып тұратынын білетін той иесі де, 10 мыңнан теңге жинап бергендер де бұл қалжыңға еріксіз езу тартыпты.

Дайындаған Есет Досалы,
«Ақ жол».

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support