- Advertisement -

Таблиғи жамағат – қатерлі ұйым

138

- Advertisement -

Тәуелсіздігімізді алған мезгілден рухани құндылықтарымыз қадірленіп, дәстүрлі діни нанымымыз жандана бастады. Рухани бос кеңістікті толтыру мақсатында жастар иман жолын іздеп, шекара асып, түрлі діни оқу орындарына кетіп жатты. Бірақ, олардың қандай оқу оқып жүргеніне талдау жүрмеді. Шетелдің күмәнді діни оқуларын тауысқан азаматтар елімізге келіп, ілімдерін таратып, өздеріне жақтас топтарды жинақтап үлгерді. Еліміздің тұрақтылығы мен тұтастығына қауіпті діни ағымдардың бірі «Таблиғи жамағат» ұйымы десек қателеспейміз.
Үндістаннан бастау алған таблиғшы топтың идеологиясы уақыт өте келе, көрші Пәкістан, Бангладеш, кейіннен Сирия, Иордания, Палестина, Ливан, Мысыр, Судан, Ирак, араб елдеріне тарады. «Таблиғи жамағат» өкілдері жайлы қысқаша сипаттама беретін болсақ, бұл ұйым мүшелерінің діни сауаттары төмен деңгейде. Сонысына қарамай олар «үш күн, жеті күн, қырық күн дағуат айтамыз, адамдарды дінге шақырамыз» – деп, елді мекендерді аралап, кейде шекара асып кетеді. Баратын жерлері: Үндістандағы (марказ) «Низамуддин», Пәкістандағы «Райванд» және Бангладештегі «Кокрайл» медреселері. Ол жердің діни ұстаздары оңы мен солын білмейтін адамдардың санасына дәстүрлі емес діни уағыздарды ендіреді.
«Таблиғи жамағат» діни ұйымының негізгі ұстанымы мен мақсаты – фанатизм. Әмірлері діни қағидаттарды бұрмалап,Пәкістанның ұлттық киімінде өздерін «дағуатшылар» («дінді насихаттаушылар») ретінде таныстырып, тек қана Кәндехләуидің «Фазаил амал» («Амалдардың құндылықтары») деген кітаптарын оқуды насихаттайды.
Діни сауаты төмен, зайырлы білімнен хабары таяз таблиғи жамағат елдің өркендеуі мен дамуына, халықтың әлеуметтік, экономикалық әл-ауқатының жақсаруын тежейді. Себебі, адам баласы дүниеге келген соң білім-ғылымды игеріп, елінің дамуы мен өркендеуіне қызмет етуі тиіс. Ал бұл ұйым мүшелері болса ғылым дегеніміз – дін деп, одан басқа алгебра, астрономия, философия және тағы басқа ғылым салаларынан адамдарды алыстатады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында белгіленген тәртіп бойынша, құзыретті органда діни бірлестік ретінде тіркеуден өтпеген бұл ұйымның ендігі қызметі ел аумағында заңсыз болып есептеліп, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес «Таблиғи жамағат» ұйымы экстремистік деп танылды.Осыған сәйкес Қазақстан аумағында тыйым салынып,оны насихаттаған адамдар жауапқа тартылады.

Ерзат Жақыпов,
облыс әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support