- Advertisement -

Өміршең тауар қымбаттамауы керек

91

- Advertisement -

nurymova_fotoТөл валютамыз – Теңгенің  еркін айналымға енгізілгені  көпшілік арасында түсінбеушіліктер туғызуы мүмкін. Дегенмен,  бұл – сараланып, талданып  қабылданған шешім. Әсіресе, қарапайым тұрғындардың мүддесі  көбірек ойластырылғаны анық. Осы мәселеге  байланысты Елбасымыз отандық тауар өндірушілерді қабылдап, кездесу өткізгені белгілі. Сол жиында ірі компания басшылары бұл шешімнің өндіріс орындары үшін тиімді екенін айтты.
Теңге бағамының еркін айналымға жіберілуі нарықтағы импорттық тауарлардың бағасына әсер етуі мүмкін. Ал халық күнделікті тұтынатын негізгі  азық-түліктердің  бағасы көтерілмеуі тиіс. Себебі, тұрғындар тұтынатын азық-түлік түрлерінің 98 пайызы елімізде өндіріледі. Сондықтан баға негізсіз қымбаттамауы керек. Бұл мәселе өңір басшыларының назарында болады. Яғни, баға бақылауда. Ендеше, бұл мәселеге алаңдайтын ешқандай  негіз жоқ. Тұрғындар көкейіндегі түйткілді мәселелерді облыстық мәслихат депутаттары да үнемі назарда ұстап, олардың оң шешілуіне ықпал етіп келеді. Алдағы уақытта да халық қалаулысы  ретінде халықтың нағыз жанашыры болуға күш сала бермекпіз. Жергілікті жерлердегі бағаны бақылау  үшін құрылған комиссия құрамында облыстық,  аудандық мәслихаттардың депутаттары да бар.
«Мейірім» медициналық  орталығының жұмысы өңір тұрғындарының денсаулығын жақсартуға негізделген. Орталық  бүгінгі заман талабына сай томографиялық  аппараттар,  жаңа қондырғылармен жабдықталған. Облыстың шалғай аудан, ауыл  тұрғындарының біздің медициналық мекемемізден сапалы тексеруден өтуге толық мүмкіндіктері  бар. Мүмкіндігінше шалғайдан келген науқастарға жеңілдіктер жасап, көмек көрсетеміз. Емдеу  мекемесінде  білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Сондықтан  біздің орталыққа келушілер аз емес. Және емделушілер біздің жұмысымызға оң бағасын беріп, үнемі алғыстарын айтып жүреді.
Отандық медициналық   орталық ретінде біздің негізгі  міндетіміз – жергілікті тұрғындар  денсаулығын жақсарту. Жамбылдықтар біздің орталыққа сенім артады. Біз де сол сенімнің  үдесінен шығу үшін еңбек етудеміз. Біз қашанда халықпен, елмен етене жұмыс атқаруға, қарапайым тұрғындар тілегіне құлақ асуға дайынбыз. Сондықтан  мен ақ халатты  дәрігер ретінде де, халық қалаулысы ретінде де жұртшылық тілегімен санасу керек деп есептеймін және көпшілік өтінішінің орындалуын үнемі назарда ұстаймын.
Бірлігі жарасқан  халқымыз бұл қиындықты да еңсереді. Бірлесе үлкен жетістіктерге жетеді. Күрделі жағдайдан да елдің ауызбіршілігі алып шығады.

Гүлдара Нұрымова,
«Мейірім» медициналық  
орталығының директоры,
облыстық мәслихаттың
депутаты.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support