- Advertisement -

Алматыда 1 жыл ішінде ата-аналардан мәжбүрлі түрде ақша жинаған 10 мектеп директоры жазаланды

55

- Advertisement -

20150827160924Алматыда 1 жыл ішінде ата-аналардан мәжбүрлі түрде ақша жинаған 10 мектеп директоры жазаланды. Бұл туралы бүгін қалалық білім беру басқармасы өткізген баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды.

Басқарма басшысының орынбасары Галина Самотокина ата-аналардан жөндеуге, қосымша оқулықтарға, мектеп қажеттіліктеріне мәжбүрлеп қаржы жинаудың заңсыз екендігін жеткізді. Бір жыл ішінде осындай әрекеті үшін 10 мектеп директоры жазаланған.

«Бұл мәселе басқарманың қатаң бақылауында тұр. Осы жақында ғана барлық мектептерге хат жібердік. Оқушылар мен ата-аналардан ешқандай ақша алмау туралы. Қазір басқармада арнайы сенім телефондары жұмыс істеп тұр. 272-11-02 нөміріне хабарласып, заңсыздық туралы хабарлай аласыздар. Хабарласқан адамдардың ақпараты кей жағдайда расталып жатыр. Былтырғы оқу жылында 10 мектеп директоры тиісті жазасын алды. Олардан бұл сома өндіріліп алынды. Тіпті қызметінен қуылғандар да бар», — деді басқарма басшысының орынбасары Галина Самотокина.

Басқарма басшысы Рахат Шимашева қаржы жинау бастамасын ата-аналардың өздері де жиі көтеретінін айтып қалды.

«Ата-аналар ерікті түрде демеушілік қаржы жинай алады. Оған қақылары бар. Бірақ, көбіне көптеген ата-аналар өздері бастама көтеріп, балаларды киноға, театрға апарайық, туған күнін атап өтейік деп шу жасап жатады. Бұл дұрыс емес. Сенбі күні біз мектеп басшыларын жинап үлкен жиын өткіземіз. Сонда осы мәселе ең бірінші алдымен талқыланады», — деді Рахат Шимашева.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support