Денсаулық

Келімбетовтің сағатын $43 мыңға бағалады (фото)

Келімбетовтің сағатын $43 мыңға бағалады (фото)

pogudx47inbfhuqql.75da99a0Әлеуметтік желі пайдаланушылары Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетовтің қолынан танымал швейцариялық Patek Philippe маркасына тиесілі құны $43 мыңдық сағатты байқап қалған.

«Қайрат Нематұлының сағатының бауына қарағанада, бұл Patek Philippe. Сұрақ: бұл сағат қымбат па?», – деп мамандарға сауал тастады Alibek Zhumagul есімді пайдаланушы өз Facebook парақшасында.

Ол фотоларды жазбасына қоса тіркеген: сағатын анық байқауға болатын Келімбетовтің фотосы және банкирдікіне ұқсас Patek Philippe маркасының сағаты. Мұндай сағат $42,995 тұрады.

11928725_891330524271194_8490296690650779775_n

Пайдаланушылар Келімбетовтің қымбат сағатына қатысты әзілдерін де жаудырып үлгерген.

“Алматының Пассажында 9999 теңге. 3 жылға кепілдігі бар. Жапондық механизм”, – деп жазған Рүстем Ғалиев.

Patek Philippe S.A. (Пате́к Фили́пп) — “люкс” санатындағы сағаттар жасап шығаратын швейцариялық компания. 1839 жылы эмигрант Антонио Патек пен француз сағатшысы Адриан Филип негізін қалаған.

Бұл марканың сағаттары әлемдегі ең қымбат сағаттар қатарында. Фирманың белгісі – испаниялық Калатрава орденінің кресі; дәл осы Calatrava атауымен модельдің алғашқы түрі шығарылады ($10 мыңнан бастап).

Еске салсақ, жақында интернет Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Дмитрий Песковтың $620 мың тұратын қымбат сағатын қызу талқыға алған болатын.