- Advertisement -

Еліміздің бірнеше өңірінде азық-түліктің бағасы рекордтық көрсеткішпен өсуде

61

- Advertisement -

pogudx1121infgmb1.058592c0Еліміздің бірнеше өңірінде азық-түліктің бағасы көтеріле бастады. Әсіресе халық көп тұтынатын тауарлардың құны рекордтық көрсеткішпен өсуде деп хабарлайды КТК арнасы.

Қымбатшылық, әсіресе Петропавл, Қостанай және Тараз қалаларында қатты сезіліп жатыр. Оның үстіне кейбір азық түрлері тіпті дүкендерде жоқ. Әр аймақта бағаны тұрақтандыру үшін арнайы штаб құрылғанымен, кәсіпкерлер әкімшіліктің әміріне көнетін емес.

Петропавлда дүкен сөрелерінен үш күн бойы жоғалып кеткен қант тек 25 тамызда ғана пайда болды. Бірақ бағасы аспандап, тұрғындардың қалтасына салмақ салуда. Келісі 160 теңгеден сатылған шекер 200 теңгеге шарықтап кеткен. Сұйық май мен ет құнының көтерілуі де тұрғындардың ызасын туғызуда.

Егер бес он теңге қосылса мейлі ғой, 250 теңгеге бірақ өсіріпті. Бұл масқара емес пе?

“Ірімшік 650 теңге еді, 900-ге жетті. Егер бес он теңге қосылса мейлі ғой, 250 теңгеге бірақ өсіріпті. Бұл масқара емес пе?”, – дейді Петропавл қаласының тұрғыны Лидия Николаева.

Қостанайда да азық-түліктің бағасы мың құбылып тұр. Рессейден тасымалданатын өнім 5-10 теңгеге көтерілсе, импорттық тауар құны 20 пайызға шарықтаған. Бұл жағдай жұртқа қатты сезіліп жатқан жоқ. Себебі әзірге қордағы тауар саудаға шығуда. Енді жаңа өнім түскенде қымбатшылық болуы бек мүмкін. Бірақ бұл дүрбелеңді шенеуніктер байқамайтын тәрізді.

“Тұрғындарға даурығатын негіз жоқ. Себебі бағаны тұрақты ұстап отырмыз. Күн сайын мониторинг жүргіземіз”, – дейді Қостанай облыстық ауыл шарушалағы басқармасы басшысының орынбасары Орал Нұрғазин.

Бұған дейін 3500 теңгеге сатылған бір қап шекер, 4500-ге бір-ақ жетті

Жамбыл облысының жұрты енді қантпен мүлдеп қош айтысуы ықтимал. Аймақтағы көтерме сауда орындарында қант атымен жоқ. Кей жерлерде болған күннің өзінде құны тым қымбат. Бұған дейін 3500 теңгеге сатылған бір қап шекер, 4500-ге бір-ақ жетті. Қырғызстаннан арнайы тауар алуға келген Мира Сарпиева, еліне құр қол қайтып барады.

“Базардан шекер іздеп, ешқандай жерден таппадым. Жоқ деп ешкім сатпады”, – дейді Қырғызстан азаматы Мира Сарпиева.

Саудагерлер Тараздағы қант зауыты жұмысын тоқтатты деген уәж айтуда. Сол себепті делдал фирмалар тауар жеткізбей жатса керек. Алайда шекер шығаратын өндіріс басшылығы өнім тапшы деген бекер деп отыр. Әр өңірде, бағаны бақылау үшін арнайы штаб құрылған. Бірақ әзірге оның жұртқа пайдасы шамалы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support