- Advertisement -

Биыл 1,5 млн мұсылман қажылық парызын өтейді

70

- Advertisement -

Сауд Арабиясы билігі биылғы жылы қасиетті мекенге келушілердің саны 1,5 млн-ның маңайында болады деп болжап отыр. Қажылық министрлігінің бұл болжамын саудиялық ақпараттық агенттіктері жариялады. 

Король кеңесшісі, Мекке аймағының әмірі Халид әл-Фейсалдың қатысуымен өткен Қажылық істерін ұйымдастыру Орталық комитетінің отырысында осы жылғы қажылық маусымының мәселелері талқыланып, дайындық жұмыстары пысықталды. Оның айтуынша, шет елдерден келетін 1,35 млн қажылар саны Сауд Арабиясының өзге провинциясынан келетін 185 мың жанмен толықпақ. Қазіргі уақытта қасиетті мекенге келгендердің саны 100 мың үстінде көрінеді.

Былтырғы жылы қасиетті мекенге тәу етіп, мұсылман бес парызының бірін өтегендердің саны 2 млн-нан астам болған еді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support